ДАМУ

«Өлім алдындағы азабы қорқынышты болды»: Сталиннің жантүршігерлік ажалы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарих бетінде қатыгез билігімен аты қалған Сталин Джугашвили өлер алдында өте қатты қиналған деген деректер бар. Осы жайлы мәліметті Bugin.kz порталы оқырман назарына ұсынады.

Оның жағдайын бақылаған дәрігерлердің бірі А. Л. Мясников былай деп жазады:

«Сталин жиі-жиі дем алып, күрсініп жатты. Бір сәтте ол айналасындағыларға өзгеше көзқараспен қарап шыққандай болды. Содан кейін Ворошилов оған еңкейіп: 

«Жолдас Сталин, біз, бәріміз - сенің адал достарыңыз мен серіктеріңізбіз. Өзіңізді қалай сезінесіз, қымбаттым?» - деді.

Бірақ бұл сұраққа ешқандай жауап қатпады, тағы да күрсінді. Түнде ол бірнеше рет өліп бара жатқандай көрінді. Бесінші күні таңертең Сталин кенеттен қан құса бастады, соның әсерінен импульсі, қан қысымы төмендеді. Біз бұған таң қалдық. Ауруынан айықтыру үшін дәрілерін беріп, қолдан келгенді істедік».

Өлер алдында әкесінің жанында болған Сталиннің қызы Светлана да сол кезді үрейлене еске алады. 

«Оның өлім алдындағы азабы қорқынышты болды. Көз алдымызда тұншыға бастады. Соңғы минутында ол кенеттен көзін ашып, айналасындағыларға қарап шықты. Өте қорқынышты көрініс еді: не есі шығып кетті, не өлімнен қатты қорықты. Осындай жантүршігерлік көзқарасымен бірнеше минут бойы барлығын шолып шықты. Бірде сол қолын көтерді де, бірнәрсені меңзегендей болды. Бірақ не бұйырғанын түсінбедік. Өте суық әрекет еді. Содан соң бір рет бір қозғалды да, кеудесінен жаны шығып кетті», - деді қызы.

Осылайша диктатор Сталин 1953 жылдың 5 наурызында сағат 9:50-де өмірден озды.

Дереккөз: von-hoffmann.livejournal.com